Экономика • 15 Наурыз, 2022

Айырбастау орындарында доллар 515 теңгеден сатылып жатыр

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Айырбастау орындарында доллар 515 теңгеден сатылып жатыр

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,45 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 512, 19 теңге. Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 511,71 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 515 теңге, сатып алу – 520 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 518 теңгеден болса, сатып алу құны – 520 теңге.