Футбол • 15 Наурыз, 2022

Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойын 24 наурыз күні Талғардағы ұлттық құрама командалардың базасында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен болатын ойынға дайындықты 18 наурыз күні бастайды.

Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов командасы Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен U-23 жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің басталу уақыты – 17:00. Екі жақтың келісімі бойынша ойын жабық күйде өтетіндіктен трансляция болмайды.

Айта кетсек, Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ресми ойын 29 наурыз күні Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтеді.