Әлем • 16 Наурыз, 2022

Арктиканың еруі әлемді алаңдатып отыр

1792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 20 жыл ішінде Арктика теңізіндегі қысқы мұз көлемінің үштен бір бөлігі еріген. Бұл жағдай ғалымдарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Geophysical Research Letters-ке сілтеме жасап.

Арктиканың еруі әлемді алаңдатып отыр

Ғаламдық парниктік газдардың ауаға таралуынан туындаған артық жылу әсерінен мұз өте тез еруде.

Мамандар 2018 жылдың қазанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта арктикалық теңіз мұзының қар жамылғысының тереңдігі, қалыңдығы мен көлемінің ай сайынғы өзгеруін анықтау үшін ICESat-2 және CryoSat-2 жерсеріктері бақылау жүйелері арқылы алынған деректерді талдады. Лидар (лазерлік импульстар) және радар (радио толқындар) сынды жаңа технологиялар да қолданылды.

Зерттеу көрсеткендей, Арктикадағы тұрақты теңіз мұзы 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 50 сантиметрге жұқарған, яғни үш жыл ішінде ол массасының 16% жоғалтты. 

Арктикадағы мұздың жойылу қарқыны бұрын-соңды мұндай болмаған. Ғалымдар мұздың тез жойылып кетуі арктикалық экожүйелердің жойылу қаупін де тудыратынын атап өтті.

Сонымен қатар еру процесі жаһандық мұхит арналарын өзгерте алады. Бұл бүкіл планетаның климатына әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35