«Бүкіләлемдік бокс ұйымы осымен төртінші боксшыны қарсылас ретінде белгілеп отыр. Егер ол жекпе-жектен бас тартатын болса, онда орта салмақты жаба салған дұрыс», деп жазды отандасымыз твиттердегі парақшасында.
Расында да бұған дейін әлем чемпионы Деметриус Андраде, бразилиялық Эскива Фалькао, мексикалық Хайме Мунгия шайқасқа шыққысы келмеген еді. Енді ұлыбританиялық Дэнни Дигнум Жәнібектің қарсыласы атанып отыр.