Президент • 16 Наурыз, 2022

Президент партияда болмауы керек – Тоқаев

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында бірқатар жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент партияда болмауы керек – Тоқаев

«Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңды түрде рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді», деді Мемлекет басшысы өз ойын білдіріп.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Президенттің өкілеттігін қысқарта отырып, Парламенттің рөлін күшейтудің маңызды екенін де атап өтті.