02 Сәуір, 2014

Қорғаныс министрлігі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілерінің еңбекақысын өсірді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президентінің тапсырмасын орындау үшін 1 сәуірден бастап Қорғаныс министрлігі барлық азаматтық қызметшілерінің еңбекақыларын көтерді. 2014 жылғы 14 ақпанда Мем­лекет басшысы Қазақстан Үкі­метінің кеңейтілген отырысында 2014 жылғы 1 сәуірден бас­тап аза­маттық қызметшілер мен жұмыс­шылардың еңбекақысын 10%-ға көтеру туралы тапсырма берді. Аталған тапсырманы орын­дау үшін «Азаматтық қыз­метшілерге, бюджет қаражаты есе­бінен ұсталатын ұйымдардың қыз­меткерлеріне, қазыналық кәсіп­орындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Үкіметінің 2007 жыл­ғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Үкіметінің №269 қау­лы­сы қабылданды және ол 1 сәу­ір­ден бастап күшіне енді. Қазақстанның Қарулы Күш­терінде 19 мыңға жуық аза­маттық қызметші қызмет өткеруде. – Мұндай елеулі өзгерістер бізді алға жетелері анық. Аза­мат­тық қызметшілердің еңбек­ақы­сының қосылуы сапалы кадр­ларды тартуға, сондай-ақ, мем­лекетіміздің қызметінің жоғары деңгейден көрінуіне мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қорғаныс ми­нистр­лігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаменті бас­ты­ғының орынбасары Төлеген Құсыманов. Қарулы Күштерде жала­қының өсуі жүйелі түрде жүр­гізілетінін ес­ке­ре кеткен жөн. 2009-2010 жыл­дар аралығында еңбекақы 2 есе­ге өсті. «Егемен-ақпарат».