02 Сәуір, 2014

Мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен жиын

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шә­кі­ровтің төраға­лығымен биылғы жы­лы қол­данысқа енген Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу теті­гінің іс­ке асырылуын қам­тамасыз ету мә­се­лелері бойын­ша мемлекеттік органдар өкіл­дерімен жиын өткізілді. Қазақстан  Президенті 2013 жылғы 2 шілдеде қол қойған Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) туралы Заң алғаш рет қоғамдастық өкілдеріне тұлғалар бостандықтарының шектелуін көздейтін жабық үлгідегі мекемелерге кедергісіз кіру құқығын берді. Жиын барысында қатысушыларға Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) шеңберінде мекемелерге мониторинг жүргізу тәртібі мен осыдан туындайтын мемлекеттік органдардың мақсаттары түсіндірілді. – Ұлттық алдын алу тетігі мақ­саттарының іске асырылуының маңызды құрамдас бөлігі орталық органдардың да, ведомстволық ба­ғы­нысты, аумақтық, жергілікті бө­лім­ше­лер­дің, мекемелер мен ұйым­дардың да қыз­мет­керлерін оның мандаты мен бүкіл қоғам үшін маңыз­дылығы туралы хабардар ету болып табылады, – деп атап өтті Омбудсмен және жұмыстың негізгі бағыттарына назар аударды. Іс-шараға қатысушылар ҰАТ туралы заңда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен Омбудсмен жанындағы ҰАТ Үйлестіру кеңесінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ортақ пікір білдірді. Жиынға Бас прокурордың орынбасары Ж.Асанов қатысты, деп хабарлады ҚР Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл аппаратының бас­пасөз қызметі.