Тендер шарттарына сәйкес сенімгерлік басқару мерзімі үш жылды құрайды.
Инвестор сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап 10 жыл бойы әуежай қызметінің бейінін сақтауы, әуеайлақтың жарамдылық сертификатын сақтауы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сертификаттық талаптарды қамтамасыз етуі, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының нормалары мен талаптарының, күзетке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі шарт.
Шарттарда әрбір келесі жылдың басына аудиторлық есепті ұсына отырып, 10 жыл ішінде 1,5 млрд теңге сомасында инвестиция салу көрсетілген.
Әуежайдың мүлкі 5,6 млрд теңгеге бағаланды. Сауда-саттық 31 наурызда өтеді.