Президент • 16 Наурыз, 2022

Тоқаев саясаттағы монополия мемлекетті дағдарысқа ұшырататынын айтты

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында саяси жүйедегі монополия мемлекетті дағдарысқа ұшыратуы мүмкін екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев саясаттағы монополия мемлекетті дағдарысқа ұшырататынын айтты

«Саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық. Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді. Бүкіл құзірет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру», деді Президент.

«Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден басталады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз», деп түйіндеді Қ.Тоқаев.