«ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 наурызда сағат 15:45-те Катовице қаласынан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшты. Ұшақ Алматыға қонуды жоспарлап отыр. Бортта 14 жолаушы бар», делінген ведомство хабарламасында.
Бүгінгі таңда Украинадан 836 адам шығарылды, олардың 690-ы Қазақстанға репатриациялық ұшақтармен оралды.