Әлем • 16 Наурыз, 2022

Ресей Еуропа Кеңесінен шығарылды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей ресми түрде Еуропа Кеңесінен шығарылды. Анонимді дауыс беру арқылы тиісті шешімді ұйымның Министрлер комитеті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Еуропа Кеңесінен шығарылды

«16 наурыздан бастап Ресей Федерациясы Еуропа Кеңесінің мүшесі болуды тоқтатады», деп жазады ТАСС.

Бүгін таңертең КМСЕ кезектен тыс отырысында Еуропа Кеңесі Жарғысының 8-бабына сәйкес басталған рәсім аясында Ресей Федерациясы ұйым жұмысына 26 жыл қатысқаннан кейін бүгіннен бастап Еуропа Кеңесінің мүшесі болуды тоқтатады деп шешті.

Ресей СІМ 10 наурызда Еуропа Кеңесінің қайтарымсыз жойылатынын айтып, Ресейдің ұйымға қатысуын тоқтататынын мәлімдеді. Мәскеудің ұстанымына түсініктеме бере отырып, министрлік батыстың үстемдігі мен нарциссизмін себеп ретінде атады.

Айта кетсек, Ресей Еуропа Кеңесінің құрамына 1996 жылы кірді. Екі жылдан кейін ел адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялап, гуманизм мен демократия қағидаттарына деген адалдығын растаған еді.