Экономика • 17 Наурыз, 2022

Алкоголь өніміне акциздер бойынша өзгерістер бар

518 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне алкоголь өніміне салынатын акциздерге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Алкоголь өніміне акциздер бойынша өзгерістер бар

Салық кодексінің 475-бабының 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақы­лау маркаларымен таңбаланатын толы­сылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз салығын өз таңдауы бойынша мына мерзімдердің бірінде төлеуі қажет:

- есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;

- Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін та­уарларды тиеп-жөнелту (беру) күні.

Сондай-ақ Салық кодексінің 172-бабы­ның 7-14-тармақтарына енгізіл­ген өзгерістеге сәйкес алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға, есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді және есепті ұсынады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 463-ба­бы­ның 4-тармағына өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқан­да, «шарап материалы» ұғымы «толысыл­ған шарап», «сыра және сыра сусыны» ұғымы «сыра қайнату өнімімен» ауыс­тырылды.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістерді іске асыру мақсатында «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Респуб­ликасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгеріс­тер енгізу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қаржы министрі бұйры­ғының жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісу­де. Есепке алу-бақылау маркаларын мақ­сатты пайдалану туралы міндет­темелерді өзгертілген қағидалар күшіне енген соң ұсынуға болады.