Облыстық ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 33 жастағы әйел полицияға арыз жазып, алаяқтың арбауына түскенін жеткізді.
Жәбірленуші бейтаныс адамға құрылыс салушыдан арзан бағамен пәтер сатып алу үшін миллион теңгеден астам қаражат бергенін түсіндірді.
«Полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.