02 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасының Заңы №182-V

247 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жыл­ғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №19, 111-құ­жат) мынадай өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін: 1) 1, 2, 8 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 6 129 775 352 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 4 273 818 283 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 79 850 486 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 7 485 463 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 1 768 621 120 мың теңге; 2) шығындар – 6 833 672 664 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 953 725 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 120 060 192 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 75 106 467 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 169 794 509 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 171 044 509 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 1 250 000 мың теңге; 5) тапшылық – 918 645 546 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 2,3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 918 645 546 мың теңге. 2-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.»; «8-бап. 2014 жылға арналған рес­пуб­ликалық бюджетте Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық қорынан кепілден­дірілген трансферттің мөлшері 1 480 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»; «10-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшері – 19 966 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 9 983 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 20 782 теңге; 4) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 852 теңге; 5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөл­шер­лерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 966 теңге болып белгіленсін. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі­нің мөлшері – 10 450 теңге; 2) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 21 736 теңге болып белгіленсін.»; 2) мынадай мазмұндағы 11-1 және 12-1-баптармен толықтырылсын: «11-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін арттыру Қазақ­стан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Аза­маттардың жекелеген санаттарын әлеу­меттік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»; «12-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бас­тап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскер­лерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржы­ландырылатын мемлекеттік кәсіп­орындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы бел­гіленсін.»; 3) 14, 15, 21, 26 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне: 1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасында агро­өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агро­өнеркәсіптік кешен субъектілерін қол­дауға; 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге; 4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге; 5) халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге; 6) «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіп­керлікті қолдауға; 7) ауызсумен жабдықтаудың балама­сыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға; 8) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға; 9) көліктік инфрақұрылымның басым жобаларын қаржыландыруға; 10) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мем­ле­кеттік мекемелердің мемлекеттік қыз­мет­­шілер болып табылмайтын жұмыс­керлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскер­лерінің лауа­зымдық айлықақысына ерекше еңбек жағ­дайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеуге; 11) мектепке дейінгі білім беру ұйымда­рында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға; 12) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға; 13) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу- өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға; 14) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға; 15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға; 16) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға; 17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипен­дияларының мөлшерін ұлғайтуға; 18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге; 19) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға; 20) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға; 21) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізіңде айқындалады. 15-бап. Мынадай: 1) ауыл шаруашылығын қолдауға беріле­тін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу; 2) қаржылық сауықтыру үшін агроөнер­кәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; 3) кәсіптік стандарттарды әзірлеу; 4) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталардың жұмыс­керлеріне келтірілген залалды өтеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»; «21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің 2014 жылға арналған резерві 104 090 308 мың теңге сомасында бекітілсін.»; «26-бап. 2014 жылғы 31 желтоқсанға үкімет­тік борыш лимиті 5 673 012 237 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»; «28-бап. 2014 жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің концессиялық міндет­темелерінің лимиті 279 800 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»; 4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 наурыз

№182-V ҚРЗ