Қоғам • 17 Наурыз, 2022

Ірі әуежайларға авиакеросин сатуға тыйым салынады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин әуежайларға авиакеросин сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ірі әуежайларға авиакеросин сатуға тыйым салынады

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «ҚР негізгі тауар нарықтарын монополиясыздандыру шаралары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

«Авиакеросинді сату нарығында әуежайлар өздерінің тарифтік саясатына тәуелді. Өйткені негізгі кірісті авиакеросинді қайта сату арқылы тауып отыр. Авиациялық отынның 72%-ын екі компания бақылайды. Олар: 54% үлесі бар «PetroSun» ЖШС мен 18% үлесі бар «ҚазМұнайГаз» АҚ. «PetroSun» ЖШС-нен көбінесе «AirAstana» АҚ (45%), «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (17%), «Scat» ЖШС «13%), «Винес трейдинг» ЖШС (9%), «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ (8%), «Qazaqair» АҚ (3,3%) сатып алады. «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның авиаотынын түгелдей «ҚазМұнайГаз Аэро» АҚ сатып алады», деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Агенттік төрағасы былтыр ішкі нарыққа арналған авиотынның 10% сату тауар биржалары арқылы сатылғанын атап өтті.