Тағайындау • 17 Наурыз, 2022

Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Нұрлан Дүйсембиновты Ақсу қаласының жаңа әкімі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Өңір басшысы Жанат Шұғаевтың денсаулық жағдайына байланысты өзінің өтініші негізінде қызметінен босатылғанын атап өтіп, оған белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Әбілқайыр Сқақов жаңадан сайланған әкімге бірінші кезекте Ақсу қаласында жаңа қазандықты пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар, Нұрлан Дүйсембиновке Павлодар облысының 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында белгіленген әлеуметтік бастамаларды бақылауға алу қажет. Олардың қатарында облыс әкімі білім беру саласы, жастар мәселесі, ШОБ қолдау және т.б. мәселелерді атап өтті.

Нұрлан Дүйсембинов облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы болып еңбек етті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейіннен Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2020 жылғы наурыздан бастап жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.