Қоғам • 17 Наурыз, 2022

Қаңтар айында 1600 адам елден кетті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтарда елге 1291 адам келді, елден 1 592 адам кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар айында 1600 адам елден кетті

«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%-ды, көшіп кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 79,5%-ын құрайды», деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

Бұл ретте 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда Республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 25,2%-ға азайды.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің үш өңірінде қалыптасты: Нұр-Сұлтан (2777 адам), Алматы (2332 адам), Шымкент (212 адам) қалалары.