«Қазгидромет» РМК ның хабарлауынша, 18 наурызда түнде Ақтөбе облысының шығысында боран, оңтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 16 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігіне тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстікте көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының орталығында, шығысында боран, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз орталықта, шығыста жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда боран соғады.