Қоғам • 17 Наурыз, 2022

Серік Шапкенов жастарды жұмыспен қамту шаралары туралы хабарлады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында жастарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Шапкенов жастарды жұмыспен қамту шаралары туралы хабарлады

«2021 жылдың 4 тоқсанындағы жағдай бойынша жастардың экономикалық белсенді бөлігі 1,9 млн. адамды құрайды, олардың 96,3% жұмыспен қамтылған. Республика бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,9% болса, жастар жұмыссыздығы едәуір төмен деңгейде және 3,7% немесе 73,3 мың адамды құрайды. Бұдан басқа, 2020-2021 жылдары NEET жастарының үлесі 7,1% – дан 6,7% - ға дейін төмендеді, бұл ішінара білім беру және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік жастар саясатын табысты іске асыруды көрсетеді», деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Министр соңғы 5 жыл ішінде жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек« мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылғанын еске салды. Осы кезеңде қолдау шаралары 1 миллионнан астам жастарға көрсетілді, олардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасты.