Әлем • 17 Наурыз, 2022

Атақты актер Брюс Уиллис жақын арада мансабын аяқтайды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Голливуд жұлдызы Брюс Уиллис денсаулығына және күрделі проблемаларына байланысты жақын арада кинодан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атақты актер Брюс Уиллис жақын арада мансабын аяқтайды

The New Zealand Herald хабарлағандай, Уиллис ерте деменциядан зардап шегеді, сондықтан сценарий мәтіндерін есте сақтау қиынға соғады.

Ақпаратты режиссер Мэтт Эскандари растады, ол актермен төрт фильм түсірген және оның хәл-жағдайынан хабардар.

«Бұл рас. Мен Уиллиспен төрт фильм түсірдім, сондықтан мен бұл туралы алдын-ала білемін. Брюс Уиллис сияқты аңыздың көз алдымызда нашарлағанын көру өте өкінішті», деп қосты Мэтт Эскандари