2013 жылғы 25 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А.БАЙМЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 02-01-02/15 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 ақпанда № 3449 тіркелген);
2) «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/48 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда № 4152 тіркелген);
3) «Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/49 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда № 4153 тіркелген);
4) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/48 бұйрығына өзгерту мен толықтыруды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 4 қаңтардағы № 02-01-02/01 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 қаңтарда № 4533 тіркелген);
5) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы № 02-01-02/96 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда № 7007 тіркелген);
6) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8382 тіркелген).