Пікір • 18 Наурыз, 2022

Тарихи шешімдер қамтылған құжат

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Президентіміздің бүгінгі жаңа Жолдауын тағатсыздана күтті және ол тарих беттерінде жазылып қалатын ерекше құжат болды. Жолдауда өткір мәселелердің барлығы қамтылды десек артық айтқандық болмас.

Тарихи шешімдер қамтылған құжат

Солардың бірі – жабылып қал­ған облыстарды қайта ашу. Бұл мәселені шешуді халқымыз ұзақ жылдар қозғап жүрді. Ол міне, шешімін тапты. Ашылғалы отыр­ған облыстарға және оның орта­лықтарына тарихи атау беру туралы айтқан Президент пікірі халқымызды рухтандырды және теңдесі жоқ жаңалық болды.

Талдықорғаннан алыс елді мекендерге, Семей мен Жезқазған өңірінің тұрғындарының облыс орталықтарына барып қайтуы қиындап кетті. Алыс елді мекендерде жұмыссыздық пайда бола бастады. Бұл тарихи шешім. Біздер осы жұмыстың баянды болуына бір кісідей атсалысуымыз керек. Сондай-ақ Жолдауда «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз, деді Президент.

Сонымен қатар Жолдауда айтылған бағыттарды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетінін және 20-ға тарта заңдар қабылдау керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақ­станда жаңа Конституциялық сот құруды ұсынып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қазіргі соттардың шешімімен келіспеген жағдайда, осы сотқа жүгінуге болатынын айтты.

Қ.Тоқаев елді басқарып отыр­ған Президент партияға мүше болмауы керек деп, заңға тиісті өзге­рістер енгізу керек екенін де атап өтті. «Қазір бәрі дерлік Прези­дентке бағынған және бұл теріс нәрсе. Біртіндеп мұндай тәжірибеден кету керек. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктегі қосымша бір үстемдіктен артық. Сондықтан, Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріс енгізуді ұсынамын. Бұл саяси бәсекелестікті күшейтіп, барлық партиялардың дамуына жағдай жасайды», деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар Президент заңға тиісті өзгеріс енгізе отырып, енді әкімдер мен олардың орын­басарлары партия филиалдарын басқаруды тоқтатуы керек деді. Енді әкімдерден бөлек Есеп коми­тетінің төрағасы, Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы сияқты өте ма­ңызды қызмет атқаратын адам­дар да партияға мүше болмайды.

 

Әбдәлі НҰРАЛИЕВ,

сенатор