Пікір • 18 Наурыз, 2022

Отанымызды жаңғыртуға әр адам өз үлесін қоса алады

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадық.

Отанымызды жаңғыртуға әр адам өз үлесін қоса алады

Жолдауда саяси реформалар бағдар­ламасы жарияланып, бұл Жаңа Қазақстанның мемле­кеттік құрылысының жаңа кезеңінің басталуын белгіледі.

Аталған реформалар Қ.Тоқаевтың прези­денттігінің алғашқы күндерінен бастап қолға алған түбегейлі өзгерістердің қисынды әрі ауқымды жалғасы болды. Қазақстандық көшбасшының бастамалары мемлекетті демократияландыру және биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы болып табылатыны туралы негізгі конституциялық постулатты нығайту үшін база болатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы негізгі саяси қай­та құрулардан басқа геосаясат пен геоэко­но­микадағы турбуленттік жағдайындағы дағдарысқа қарсы шараларға назар аударды. Ел Пре­зиденті Қазақстанның ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті қауіпсіздік қоры бар екеніне сендірді. Сонымен бірге, Президент ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың үніне құлақ асатынын көрсетті, өйткені оның бастамасымен қолға алынған барлық реформалар елдің көптен күткен реформалары болып табылады.

Мемлекет басшысы біздің басты ресурсымыз – халық бірлігі екенін тағы да атап өтті. Халықтың бірлігі қаң­тардағы оқиғалар кезіндегі ең қайғылы сцена­рийлерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Ұлт бірлігі – ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың басты шарты. «Біз кез келген сын-қатерді бірлесе еңсеріп, Қазақ­станды одан да жақсырақ ете түсеміз», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Біздің Президентіміз әрбір азаматты Жаңа Қазақстанның құрылысшысы болуға шақырды. Біз бәріміз жақсы жаққа қарай ауқымды өзгерістердің алдында тұрмыз. Қазір баршаға түсінікті әрі ортақ осы мақ­­сатқа жетіп, осы жолды бірге еңсеру үшін ха­лықтың бірлігі бұрынғыдан да аса қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды және оларды іске асыруға белсенді қатысады.

 

Марат ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Төрағасының орынбасары – 

Хатшылық меңгерушісі