Жолдауда айтылған тағы бір ұтымды ұсыныс – бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін көтеру туралы айтқаны. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек», деген Президент отандық БАҚ өкілдерін қоғамның сұранысына сай жұмыс істеуге шақырды. Елдегі әрбір жағдайды жүйелеп, шынайы ақпарат берудің маңызы зор. Осы орайда журналистердің жұмысын жандандыру керек. Олар көтерген мәселе оңтайлы шешіліп жатса, қоғамның дамуына да өзіндік серпін береді. Бұл сайып келгенде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы