«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз кабинетінің өкілеттіктерін шектеу үшін конституциялық реформаларды ұсынып, елдің суперпрезиденттік басқарудан күшті парламенті бар президенттік республикаға көшуі қажет екенін айтты» дейді таяушығыстық басылым.
Орталық Азия елінің парламентінде сөйлеген сөзінде Тоқаевтың кейбір заңнамалық өзгерістерді алып тастауды ұсынғанын, атап айтқанда, парламенттік сайлау жүйесін өзгертуге және Конституциялық сотты қалпына келтіруге шақырғанын жазды.
«Тоқаев сонымен бірге 1990-жылдары өзге аймақтармен біріктірілген үш облысты қайта құруды, билеуші партияны үкіметтен алыстатуды және Президент тікелей немесе жанама түрде тағайындайтын Парламент депутаттарының санын азайтуды қалайтынын айтты», делінген хабарламада.
Тағы бір ұсынылған реформа партия құруға қажетті адамдардың санын 20 мыңнан 5 мыңға төмендету арқылы жаңа саяси партияларды тіркеу жеңілдетілетіні айтылды.