Тағайындау • 18 Наурыз, 2022

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы ауысты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 17 наурызда Қазақстан Футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы ауысты

Отырыстың күн тәртібіне ағымдағы 2022 жылға арналған футбол іс-шараларының ережелерін, регламенттерін және күнтізбелерін бекіту туралы мәселелер енгізілді.

Атқарушы комитет қараған мәселелер мен қабылдаған шешімдердің бірі - Бас хатшы етіп Олжас Абраевты тағайындау болды.

Бас хатшының орнына кандидатты таңдау команданы басқару, стратегиялық пайымдау және ойлау, көшбасшылық қасиеттер, жеке тиімділік, халықаралық ұйымдармен жұмыс тәжірибесі сияқты кәсіби дағдылар мен құзыреттерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес айқындалды.

Олжас Абраев 2018 жылдан бастап «Қазақстан кәсіби футбол лигасы» ассоциациясын басқарады. Өзінің көп жылғы кәсіби мансабында қазақстандық футбол жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.