Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетіні айтылды

3074 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әділет министрі Қанат Мусин Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетіні айтылды

Министр жалпыұлттық жоспар бойынша Конституцияға мынадай өзгерістер енгізілетінін айтты:

Президент өкілеттігін, оның қызметте болуына байланысты шектеулерді белгілеу туралы;

Орталық сайлау комиссиясының төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы,

Есеп комитетінің, конституциялық кеңестің, Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру және оның функциялары, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін жоғары аудиторлық палатаға айналдыру тәртібі, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі,

Конституциялық сот құрып, оған азаматтардың да өтініш білдіру мүмкіндігін,

Бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл,

Конституцияда өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту.

Мусин бұл блок бойынша заң жобасын әзірлеу 2022 жылғы сәуірде жоспарланып отырғанын айтты.

Сондай-ақ конституциялық заңдар бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып отыр:

әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу,

Парламент Сенаты мен мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу,
жоғары аудиторлық Палатаның құрылуы, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен олардың функциялары, саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату,

прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша,

сайлау процесін жетілдіру,

алқабилер сотының қатысуымен істер санаттарын кеңейту,

бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау,

жергілікті өзін-өзі басқару.

Конституциялық заңның және осы блок бойынша заң жобаларын әзірлеу 2022 жылғы тамызда жоспарланып отырғаны хабарланды.

Абай, Ұлытау облыстарын құру жөніндегі Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны бойынша шектеу 2022 жылғы маусымда көзделеді.