«Мексикалық боксшыға қарсы шайқас алдында маған салмақ жасау өте қиын болған еді. Өйткені мен аз ғана уақыт бұрын шаршы алаңға шыққанмын. Альвареске қарсы шайқасқа менде сегіз апта ғана болды. Ал мен екі-үш апта демалыс сұрадым. Оның командасы «жоқ» деп жауап берді. Айтқанына келісіп, рингке көтерілдім.
Болған дүние болды, бояуы сіңді. Бастысы боксшы ретінде мықты қарсыластардан ешқашан қашқан емеспін. Барлық сынақтарға қарсы тұра білгенім үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Мен оның командасына қарымта жекпе-жек өткізу мәселесімен қайырылдым. Алайда олар жауап берген жоқ. Жаңа биікті бағындыру мақсатымен бірінші ауыр салмақ дәрежесіне көтерілдім. Сол мақсат жолында тер төгіп жатырмын», деді спортшы Fight Hub TV ютуб арнасына берген сұхбатында.