Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздің оңтүстігінде тағы бір қант зауытын салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстан қант экспорттамайтынын, өйткені өндірілген барлық өнім ішкі тұтынуға кететінін, тіпті 58 пайызы сырттан импортталатынын айтты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі қант тұтыну 42 пайызға отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілді. Республикалық есеппен алғанда, аумақты, шикізатты, өндірістік қуатты ұлғайту арқылы біз алдағы 3-4 жылда бұл өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,  деді  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Қазақстанда қант және қант қызылшасын өндіретін төрт зауыт бар. Олар Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан.

«Агроөнеркәсіп кешенінің ұлттық жобасына сәйкес қант қызылшасын егу алаңдарын кеңейту шаралары қарастырылған. Біз Қазақстанның оңтүстігінде зауыттарды жаңартып, тағы бір зауыт салуды жоспарлап отырмыз», дейді Ербол Қарашөкеев.