Кәсіпқой бокс • 19 Наурыз, 2022

«Канелоға» Бивол қарсылас емес – Фернандо Варгас

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы әлем чемпионы Фернандо Варгас 7 мамыр күні өтетін екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

«Канелоға» Бивол қарсылас емес – Фернандо Варгас

«Қазіргі таңда «Канело» өзінің нағыз спорттық бабына енгені баршаға мәлім. Кәсіпқой бокс әлемінде ол жасап жатқан тәуекелдерді қазір ешкім істей алмайды. Бір емес, бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Екінші орта салмақ дәрежесін бар болғаны бір жылдың бедерінде тазалап шықты. Шынымды айтсам Дмитрий Бивол дегеннің кім екенін де білмеймін. Алайда «Канелоға» қарсы лайықты бокстаса алатын бір боксшы бар болса, ол – Давид Бенавидес», деді Варгас FightHype.com порталына берген сұхбатында.