Кәсіпқой бокс • 20 Наурыз, 2022

«Канелоға» Биволдың шамасы келмейді – Хильберто Рамирес

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген мексикалық былғары қолғап шебері Хильберто Рамирес отандасы Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп хабаарлайды Egemen.kz.

«Канелоға» Биволдың шамасы келмейді – Хильберто Рамирес

«Мен Дмитрий Биволмен бірге жаттыққанмын. Одан біраз дүниені үйрендім. Өйткені мен ол кезде екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген едім. Ал қазір ешкім маған қарсы шаршы алаңға шыққысы келмейді. Биволға қарсы рингке шықпағаным үшін көңіл-күйім түскені рас. Амал жоқ, көнеміз. Дмитрий Бивол бұл шайқаста жақсы сыйақы алатыны белгілі. Алайда ол «Канелодан» жеңіледі. Өйткені Сауль шаршы алаңда не істеу керектігін өте жақсы біледі. Сондықтан оның Биволды тоқтататынына сенімдімін», деді Рамирес FightHype.com. ютуб арнасына берген сұхбатында.