Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

Жылу қалыпты жағдайда берілуде

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың 1961 жылы пайдалануға берілген жылу-электр стансасының үш мұржасының бірі жарым-жартылай құлап, бір жұмысшы астында қалды деген әңгіме тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылу қалыпты жағдайда берілуде

Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы ресми хабарлама таратты. Онда ешқандай алып-қашпа әңгімелерге негіз жоқ екендігі айтылған. Үйіндінің астында қалған адамды ТЖД қызметкерлері құтқару жұмысымен айналысуда.

Сонымен бірге прокуратура қазандықтардың жұмысы тоқтамағанын, жылу беретін қосымша қазандық іске қосылып, қалаға жылу беру үзілмегенін жеткізді. Ал халықты дүрліктіретін жалған хабар таратушылар Қылмыстық кодекстің 274 бабымен жауапкершілікке тартылатыны да жеткізілді.

Қазір көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу азайды деген шағым айта қойған жоқ. Бірақ жамандыққа жаны құмар біреулер үрей тудыруға жанталасуда екені де жасырын емес. Ондайлар әйтеуір бір жамандықты іздеп жүреді. Қазір мұржаның құлау себебі анықталуда. Кеше Петропавлда қатты жел болған еді, мүжілген мұржаның құлауына негізінен сол себеп болғаны анық.