02 Сәуір, 2014

Мәжіліс ішкі істер органдары туралы заң жобасының толықтыруларын мақұлдады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-ParlamentБүгін, 2 сәуір күні    Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы болып, онда бес мәселе қаралды. Бұл туралы Egemen. kz тілшісі хабарлады. Алдымен Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы қорытынды әзірленетіндігі туралы шешім қабылданды. Екінші және үшінші мәселелер Ішкі істер органдары туралы заң жобасына Сенат енгізген толықтырулар жөнінде болды. Нәтижесінде Ішкі істер туралы және кейбір заңнамалық актілерге ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларына Сенат енгізген толықтырулар мақұлданды. Келесі болып Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобасы қаралып, мақұлданды. Отырыста соңғы болып қаралған мәселе – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралып, мақұлданды. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң депутаттардың орталық атқарушы органдарға жасаған депутаттық сауалдары жарияланды. Жақсыбай Самрат. Дереккөз: Фото: www.Remarka.kz.