03 Сәуір, 2014

Уақыт Үкіметке жаңа талаптар қояды

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
03 Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Нұр­сұлтан Назарбаев Премьер-Ми­нистр Серік Ахметов бас­қар­ған Үкіметтің отставкасы қа­был­данғаны туралы айтты. – Үкімет анау айтқандай қате­лікке жол берген жоқ. Ол ағымдағы мін­деттерді атқара отырып, өз тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жүргізді. Бірақ әлемдік экономикалық дағдарыс жалғасып отырған жағдайда Үкімет «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын іске асыруға кірісті. Бұл нақты және жүйелі жұмысты қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Пре­зи­денті Серік Ахметовке және Үкі­мет мүшелеріне атқарылған жұ­мыс үшін алғысын айта ке­ліп, қазіргі жағдайда еліміздің әлеуетін тиімді іске асыру үшін жаңа тәсілдер қажет болатынын атап өтті. – Біз бүгін азаматтық қыз­метшілердің еңбекақыларын кө­тердік, егер ел экономикасының қарқынды дамуы жалғасатын болса, біз азаматтарымыздың табысын алдағы уақытта да арттыратын боламыз. Ел экономикасы өсімінің жоғары қарқынын, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін Үкіметтен нақты әрі сауатты жұмыс талап етіледі, – деді Нұрсұлтан На­зарбаев. Мемлекет басшысы Қазақ­стан Республикасы Конс­ти­ту­­циясының 44-бабына сәй­кес, Қазақстан Республикасы Пре­мьер-Министрінің лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын Пар­ламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. – Кәрім Мәсімов біз рецессия­ға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеген 2007–2009 жыл­дардағы дағдарыс кезеңінде жұмыс істеді. Экономиканы одан әрі дамыту үшін бізге ел­дің ішінде де, негізгі шетелдік се­рік­тестерімізбен де тиімді жұмыс жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Парламент Мәжілісінің депутаттары елдің Премьер-Министрі лауазымына К.Мәсімовтің кан­дидатурасын бірауыздан ма­құл­дады. Өз сөзінде К.Мәсімов ар­тыл­ған сенім үшін ризашылығын біл­діре келіп, алға қойған мақ­сат­тарға қол жеткізуге бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.