«Қыстың ызғарында жүрекке үрей ұялататын ауыр шақтарда адам баласының аңсайтыны тыныштық, татулық, үміт, отбасы амандығы және көктем. Көктем Наурыздан басталады дейді. Наурыздың шуақты күндері мен алаңсыз кештерінде дос-жаран, ағайын-туыспен табысып, наурыз көжеден дәм тату – осы сәттерді Қазақстан халқы ерекше қадірлейтінін білемін. Биыл Наурыз Қазақ еліне және бүкіл дүниеге жылуымен, үмітімен келсін, береке мен бірлік әкелсін. Наурызды жанұяңыздың ортасында амандықта өткізуді тілеймін. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Амандықта жүздескенше!», деді Кэролайн Сэвидж әлеуметтік желіде бөліскен бейнежазбасында.
АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Кэролайн Сэвидж Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
Қойшығара Салғараұлының «Адамзат өткен ұзақ жол» атты кітабы жарық көрді
Мәдениет • Бүгін, 16:42
Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 16:37
Сенатор ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты
Сенат • Бүгін, 16:27
Өткен жылы 35 мың IT-маман даярланды
Технология • Бүгін, 16:20
Тасқын кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғындарына өтемақы төленеді
Оқиға • Бүгін, 16:15