Оқиға • 23 Наурыз, 2022

Қазақстандық актер Юрий Померанцев өмірден өтті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық актер Юрий Померанцев өмірден өтті

Бұл туралы журналист Лека Савельева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Украинада, Киев қаласында туған.

Біраз уақыт өткен соң оның отбасы Қарағандыға қоныс аударады.

Әкесінің қазасынан кейін оған және оның анасына Мәскеуге көшуге тура келді және сол жақтан майданға аттанды.

Ауыр жараланғаннан кейін, 1943 жылы Юрий Борисович Алматыға келіп, өзінің актерлік мансабын бастайды.

Актер театр және кинода ондаған рөлдерді сомдады. Дегенмен, көрермендер оны Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» картинасындағы бас кейіпкер Анатолий Лавровтың рөлінде жақсы таниды.

Халық әртісінің бар ғұмыры театрмен байланысты. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 75 жыл толды.

Оның 66 жылы Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық драма театрында өтті.

Осы уақытта 300-ден аса кейіпкердің бейнесін сәтті алып шықты. Соның ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша 1968 жылы қойылған Абай драмасындағы басты рөлі де бар.

2018 жылдың мамыр айында Юрий Померанцевке ең жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Сонымен қатар, дәл сол жылы актер Ресей Федерациясының «Достық» орденін алды.