Футбол • 24 Наурыз, 2022

Ширек финал жеребесі тартылды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәте­рін­де Чемпиондар лигасының ширек финал және жартылай финал ойын­да­рының жеребесі тартылды.

Ширек финал жеребесі тартылды

Жеребе қорытындысы бойынша, ширек финалда «Челси» – «Реал Мадрид», «Манчестер Сити» – «Атлетико», «Вильярреал» – «Бавария» және «Бенфика» – «Ливерпуль» командалары бақ сынайтын болды. Сонымен қатар ширек финал матчтарының қорытындысы бойынша жартылай финалда кездесуі мүмкін болған командалар да белгілі болды. Яғни, жартылай финалда «Манчестер Сити»/«Атлетико» – «Челси»/«Реал Мад­рид» және «Бенфика»/«Ливерпуль» – «Вильярреал»/«Бавария» жұптарының жеңім­паз­дары кездеседі.

Айта кетейік, ширек финалдың алғашқы ойындары 5-6 сәуір, қарымта кездесулер 12-13 сәуір күндері өтеді. Жартылай финал матчтары 26-27 сәуір және 3-4 мамыр күндеріне жоспарланған. Финал матчы 28 мамырда Париждегі «Стад де Франс» стадионында ойналады.