Өнер • 24 Наурыз, 2022

Айдананың дебюті

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында суретші Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шара кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Айдананың дебюті

Айта кетейік, аталған көрме – жас суретшінің шығармашылық жолын­да­ғы алғашқы дебюті, оған акварель және майлы бояумен орындалған 50-ден аса жұмысы қойылды.

Қылқалам шебері көбінесе адам­дар­дың сыртқы келбетін ғана емес, олардың жан-дүниесіне үңіліп, іс-әрекетін бейнелеуге мән береді. Туын­дыларының бояуы қанық, көз тартып тұрады. Әсіресе, оның шығар­ма­шы­лы­ғын­да балалардың портреттері ерекше орын алады.

Іс-шараның ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат Мемлекет басшысы жариялаған биылғы «Балалар жылына» байланысты өтіп отырған көр­ме­нің маңызына тоқталып, талантты су­рет­ші­ге шығармашылық табыс тіледі.

Көрмеге автордың екі айда салған жұмыстарының дені қойылған.

«Ғаламторды өшірген кезде, гаджеттерден бас алмайтын адамдар айналасына зер сала бастады. Мен де жан-жағымдағы барлық жанға назар аударып, жүрегіме жақын дүниені ғана емес, қоршаған ортаға қымбат барлық нәрсені бейнеледім», дейді ол.

Айдана Мінайдарова − қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы. 2017 жылы жағасы мен орамалының авторлық суреті бар аксессуарлар желісін шығарды. Сол жылы суретші арнайы Миландағы көрме үшін AV брендімен бірге дизайнерлік көзіл­діріктерді өрнектеді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Тайландтағы EURASIAN FASHION WEEK халық­аралық алаңында NOSI MOYO қазақстандық брендімен бірге киім топтамасын жасау бойынша суретші әрі дизайнер болып өнер көрсетті.

Сондай-ақ іс-шара аясында көрме иесінің портрет орындаудан шеберлік сағаты өтті.