Қазақстан және Молдова құрамаларының додасы бүгін елорда уақытымен 23:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған кездесуге қазылық ететін төрешілер белгіленді. Бас қазы қызметін грекиялық Анастасиос Сидиропулос атқарады. Оған Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмектеседі.
Айта кетсек, екі құрама 29 наурызда тағы бір матч өткізеді. Жеңіске жеткен құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтаса, ұтылған құрама Д лигасында сынға түседі.