Тағайындау • 24 Наурыз, 2022

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласына жаңа әкім келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Қостанай қаласы мәслихатының депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Қонысбайұлы Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды.

Марат Жүндібаев – Қостанай ауданы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.

20 жылдан бері Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтер атқарған, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болған. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен қызметінен босатылды.

Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс айтты.