Медицина • 24 Наурыз, 2022

Әлемдік медицина сапасы бойынша Қазақстан 58-ші орында

1047 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау жүйесі сапасына қатысты әлемдік рейтингте Қазақстан 95 елдің ішінде 58-орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік медицина сапасы бойынша Қазақстан 58-ші орында

Energyprom сарапшыларының деректеріне қарағанда, Қазақстанның әлемдік рейтингтегі индексі – 59,99. Бұл жерде индекс жоғары болған сайын денсаулық сақтау жүйесі де жақсы деген сөз.

Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі сапасының индексі медициалық қызметкерлерді, құрал-жабдықтарды, қызмет құнын және басқа да көрсеткіштерді бағалау арқылы анықталады.

Рейтингке сәйкес, Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі ең үздік деп танылды. Ал ең нашар көрсеткіш Венесуэлада тіркелген.

Рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Қазақстанның денсаулық жүйесі үздік деп танылған. Бұл ретте Ресей, Украина, және Әзербайжанның көрсеткіштері біршама төмен.

Осы жылдың ақпанында елімізде амбуаторлық қызметтердің бағасы 1 айда 1,8%-ға ал 1 жылда 6,4%-ға қымбаттады. Айлық динамикада дәрігерлердің қызметі 6,1%-ға, дәрігерлердің алғаш қабылдауы 2,1%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4%-ға, тіс дәрігерлерінің қызметі 0,6%-ға өсті.

Елімізде әрбір 100 мың тұрғынға 405 дәрігерден, дәлірек айтсақ, 14 провизордан, 21 фармацевтен, 323 дәрігер-маманнан және 10 тіс дәрігерінен келеді. Елорда мен Алматы қаласы және Қарағанды облысы дәрігерлермен біршама жоғары деңгейде қамтылған. Ал Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында дәрігер жетіспеушілігі байқалады.