Президент • 24 Наурыз, 2022

Президент спорт саласының өкілдерін «Құрмет» орденімен марапаттады

5953 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлде иеленген биатлоншы Александр Герлиц бастаған бірнеше спорт саласының өкілі «Құрмет» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент спорт саласының өкілдерін «Құрмет» орденімен марапаттады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

Герлиц Александр Александрович «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы;

Жданович Антон Владимирович «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы;

Коломиец Василий Сергеевич «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз

                          № 844