Туризм • 24 Наурыз, 2022

Алматы мен Хургада арасында әуе қатынасы іске қосылады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 Мамырда қазақстандық әуекомпания Алматыдан Хургадаға тікелей рейсті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы мен Хургада арасында әуе қатынасы іске қосылады

Sunday Airlines әуе тасымалдаушысының ақпараты бойынша ұшаққа билеттерді турпакет құрамында сатып алуға болады. Рейстер 29 мамырда орындала бастайды. Ұшақ аптасына бір рет ұшады.

Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын қалпына келтіретіні туралы ақпарат ақпан айында пайда болды. Сол кезде ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті наурыздан бастап «Эйр Астана», Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанайдан Шарм-эль-Шейхке туристік негіздегі ұщақ қатынасын іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар