Қазақстан • 24 Наурыз, 2022

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ыдыс ұрлаған бүлікші ұсталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүлікші ер адамды ұстау барысында полиция қызметкерлері таба, шәйнек, пышақ сияқты асүй ыдыстарын тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ыдыс ұрлаған бүлікші ұсталды

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде А есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқтар бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны 5 миллион теңгеге жуық асүй ыдыстарын жымқырып кеткен. 32 жастағы ұсталған азамат қылмысын мойындады. Оның беті бірден бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде тонау куәгерлерінің смартфондарына түсіп қалған, деп хабарлады Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) қаралады.

Қылмыскер ұрланған заттарды сата алмаған. Жедел уәкілдер ұрланған асүй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.