
«Қару» жедел алдын алу шарасы басталғалы бері заңсыз айналымдағы 93 қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Бұлан бөлек, 12 000-нан астам қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, 304 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84, сақтау ережелерін бұзғаны үшін -149, қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 71 іс тіркелген», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.