«Бүгінгі күні Каспий теңізінің күрт таяздануынан су алу каналындағы су деңгейі төмендеді, кей жерлерде тіпті құрлық аралдары пайда болды. Арнадағы теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру және ЖЭО-1 мен «Каспий тұшыту зауыты» ЖШС технологиялық процесінің тоқтауын болдырмау үшін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-1 су тарту арнасының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді. Су түбін тереңдету жұмыстары жер снарядының көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су қандай да бір бөгде қоспаларсыз теңіз суы», деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты жүргізілетін жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейтінін және халықты алаңдатуға себеп жоқ екеніне сендірді.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Экономика • Бүгін, 10:00
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қылмыстық топтың тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді
Қылмыс • Бүгін, 09:34
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33