Қазақстан • 25 Наурыз, 2022

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше емес елдерден ҚР аумағына әкелу және әкету мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету Базель конвенциясына және бірыңғай тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтар ҚР аумағынан (аумағы бойынша) әкетілген (транзиттелген) жағдайда аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы қажет.

Қаулы 2022 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.