«Markmore Energy (Labuan) Limited» компаниясының төрағасы және бас акционері Тан Сри Халим Саад Маңғыстау облысындағы ірі кен орындарының бірінің аумағындағы кәсіпорынды дамыту жоспарлары туралы айтты. Жобаға жалпы инвестиция көлемі 485 миллион АҚШ долларын құраса, оның 285 миллионға жуығы газ өңдеу зауытының құрылысына қарастырылған.
Кездесу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали халықаралық аренада болып жатқан үдерістерді ескере отырып, Қазақстан инвесторлар үшін жоғары тартымдылықты сақтауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы басым бағыттардың бірі болып табылатын мұнай-химия саласындағы жобаларды жүзеге асырудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Cонымен қатар, жобаны одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Малайзиялық инвесторлардың сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевпен, салалық министрліктердің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.