Спорт • 26 Наурыз, 2022

Баскетболдан әлем кубогіне іріктеу: Қазақстан жартылай финалға жолдама алды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада 3х3 баскетболдан әлем кубогіне іріктеу кезеңі өтуде. Аталған сынға Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Баскетболдан әлем кубогіне іріктеу: Қазақстан жартылай финалға жолдама алды

Қазақстан әйелдер командасы Өзбекстаннан 13:14 есебімен ұтылып, Шри-Ланканы 21:11 есебімен жеңді. 

Қазақстан ерлер командасы Жаңа Зеландияға 9:21, Катарға 15:21 есебімен жол берді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы В тобында екінші орын алып, ііріктеу турнирінің жартылай финалына өтті.