Спорт • 26 Наурыз, 2022

Эльжана Таниева Испаниядағы турнирде өнер көрсетеді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Эльжана Таниева Испаниядағы турнирде өнер көрсетеді

Аталған турнирге Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысады. Ол бүгін жарысты бірінші болып бастайды. 

Гимнастар додасы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-ге жоспарланған. 

Айта кетсек, Эльжана Таниева Мәскеуде өткен Гран-при турнирінде ұршық жаттығуы бойынша күміс медаль жеңіп алған болатын.